Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы Жамбыл ауданындағы мемлекеттік мекемелерге жүргізілген аудит қорытындыларын жариялады. Аудит барысында бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекет активтерін басқаруда бірқатар заңбұзушылықтар анықталған деп айтты Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Қуаныш Есенаманов баспасөз мәслихатында.Тексеру 2024 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 31 желтоқсаны аралығын қамтыған. Аудит Жамбыл ауданының жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалауға бағытталды.Жалпы сомасы...
Жамбыл ауданының шаруалары көктемгі дала жұмыстарына қарқынды кірісіп кетті. Биыл ауа райының қолайлы болуынан егістік ертерек басталған, –деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Қайрат Тойшыбековтың айтуынша, биыл аудан бойынша 106,4 мың гектар жерге дән себіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1702 гектарға көп.Оның ішінде 50 мың гектардан астам алқапқа дәнді дақыл, 46 мыңнан астамына мал азығы, 5500 гектар жерге майлы дақылдар және қалған аумаққа картоп, көкөністер мен бақша дақылдары егіледі. Көктемгі егіс науқанына 1065 техника...
8 қараша күні Алматы облысының тарихи және ірі аудандарының бірі – Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму. Болашақ» атты өңірлік ауыл әйелдерінің форумы өтті. Форумға 340-қа жуық белсенді ауыл әйелі қатысты. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, «Ауыл» партиясының және Алматы облысы Әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі әйелдердің көшбасшылық әлеуетін нығайту және олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл бастама...